USD
USD
USD

Мектеп оқушыларының демалысы қысқаруы мүмкін

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп оқушыларына каникулды қысқарту туралы ұсынысқа жауап берді.

Мектеп оқушыларының демалысы қысқаруы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мәжіліс алаңында министрге кәсіпкер Айдын Рахымбаевтың қазақстандық мектеп оқушыларына каникулды қысқарту ұсынысы туралы сұрақ қойылды.

«Жақтайтындар да, қарсы болатындар да бар екенін айтып отырмыз. Қарсылық танытқандардың уәжін түсінеміз, бұл жерде ғылыми көзқарас болуы керек. Министрлік, білім басқармасы, мұғалім немесе ата-ананың көзқарасы тұрғысынан қарамауымыз керек. Оның балаға қаншалықты тиімді екенін ғылыми тұрғыдан қарау керек», – деді министр.

Аймағамбетовтың айтуынша, қазір Білім министрлігі демалыс уақытын қысқарту бойынша зерттеу жүргізіп жатыр.

«Бұл мәселені ғылым, психология, әдістеме тұрғысынан шешу үшін қазір зерттеу жүргізіп жатырмыз және оның нәтижесін міндетті түрде айтамыз. Бұл мәселені әріптестермен алдын ала талқылаймыз», – деді Асхат Аймағамбетов.

Бұған дейін Bi Group құрылыс холдингінің негізін қалаушы, кәсіпкер Айдын Рахымбаев Қазақстанда мектептегі каникулды төрт аптаға қысқартып, сол арқылы оқу жылының ұзақтығын 38 аптаға дейін ұзартуды ұсынған болатын.

Қазір оқып жатыр

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері