USD
USD
USD

Мектеп оқушыларының демалысы қысқара ма?

Білім және ғылым министрлігі мектептегі каникулдың уақыты өзгеріссіз қалатынын мәлімдеді.

Мектеп оқушыларының демалысы қысқара ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұған дейін кәсіпкер, Bi Group құрылыс холдингінің негізін қалаушы Айдын Рахымбаев елдегі мектеп оқушыларының демалысын, яғни каникулын төрт аптаға қысқартуды және оқу жылының уақытын 38 аптаға дейін ұлғайтуды ұсынған.

Айтуынша, оқу жылының уақытын созғаны білім берудің тиімділігіне әсер етеді. Сондай-ақ кәсіпкер компанияның тұрғын үй кешені жанынан ашылған BINOM орта мектептерінде Білім министрлігінің рұқсатымен оқу жылының ұзартатынын да атап өткен.

Алайда Білім министрлігі елімізде оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 25 мамырда аяқталатынын және бұл өзгеріссіз қалатынын хабарлады.

«Бұған дейін 2021 жылғы тамыз кеңесінің қорытындысы бойынша министрлік Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім академиясына білім алушылардың жүктемесін азайтуға, оқу жылының оңтайлы уақытын анықтауға, білім беру ұйымдарында еңбекке ақы төлеудің сағаттық жалақы жүйесінің артықшылығы мен үлгілік оқу бағдарламаларын жаңартуға қатысты бірқатар зерттеулер жүргізуді тапсырды», – деді вице-министрі Шолпан Каринова.

Қазір оқып жатыр

«Бағаны түсіруге мәжбүр болады»: қазір пәтер алған тиімді ме?

.

БҚО-да оқушы баланы 10 мың вольттық ток соғып, қаза болды

Ток соқты

Қазақстан Қырғызстанға мұнай транзитін бастады

мұнай

Qarmet-тің жаңа нысандары нақты келбетке ие бола бастады

Qarmet