USD
USD
USD

Мектеп оқушыларына вакцина салынып жатқаны рас па? Желіде видео тарады

Желіде елордадағы мектептердің бірінде түсірген видео таралып, қызу талқыға түсуде. Видеода «мектеп оқушыларына заңсыз коронавирусқа қарсы вакцина салынып жатыр» делінген.

Мектеп оқушыларына вакцина салынып жатқаны рас па? Желіде видео тарады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Нұр-Сұлтан қаласындағы №58 мектеп-гимназиясында түсірілген видеодан дәрігерлер мен мұғалімдердің қоршауында тұрған 9 сынып оқушысын көруге болады.

Видео авторларының сөзінше, оқушыға коронавирусқа қарсы екпе салуда. Ал баланың денсаулығының нашарлауына ата-анасының рұқсатынсыз егілген екпе себеп болған дейді олар. Бейнежазба кейіпкерлерінің бірі, белсенді антиваксер ретінде танымалдығы артқан дәрігер Айна Бакеева.

Бейнежазбаға сүйенсек, онда бірнеше әйел мектепте балаларға екпе жасалып жатқанын айтады. Олардың бірі өзін журналистпін деп таныстырады. Жазбаның басынан соңына дейін әйелдер жанжал тудырып, дәрігерлер мен мектеп қызметкерлерімен тартысып жүріп балаға жақындағысы келгенін аңғаруға болады.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

ТЖ

Израиль президенті Астанаға келді

ақорда

Мәсімовтің іздеуде жүрген бұрынғы күйеу баласы Бішкектен табылды

Азамат Қапенов

Ерлі-зайыпты Жанабыловтар сотталды

жанабылов