USD
USD
USD

Мектеп оқушылары экология сағатын оқиды

Биыл жаңа оқу жылынан бастап мектеп оқушыларына экология сағаты өтетін болады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

Мектеп оқушылары экология сағатын оқиды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев балаларға экологиялық білім беру және тәрбиелеу бойынша тапсырма жүктеді. Қазіргі уақытта сарапшылармен бірлесіп, экологиялық білім беру және тәрбие бойынша толыққанды тұжырымдама дайындаймыз. Салалық министрлікпен бірлесіп, сарапшылармен бірнеше кездесу өткізіп, талқыладық. Осы жылдан бастап бірыңғай бағдарлама бойынша экологияға қатысты сынып сағаттары басталады және мектеп бағдарламасына экологиялық білім беру мәселесі ықпалдастырылатын болады», – деді министр педагогтар мен білім және ғылым саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесі барысында.

Оның атап өтуінше, алдағы уақытта экология сағаттары мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында да оқытылмақ.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай