Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Мектеп оқушылары сыныпта маскамен отыру керек пе?

Алматыда көптеген оқушылар оқытудың аралас түріне көшті. Оқудың санитарлық талаптары туралы онлайн брифинг барысында қалалық Санитарлық экпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин айтты.

Мектеп оқушылары сыныпта маскамен отыру керек пе?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, 5 жасқа дейінгі балалар ғана маскасыз жүре алады. Ал 5 жастан асқан балалар маска тағуы тиіс. Бұл мектептің басқа да қызметкерлері мен ұстаздарына қатысты», – деді бас санитарлық дәрігер.

Оның айтуынша, қазіргі коронавирус толқыны өткендегімен салыстырғанда балаларға жиірек жұғып жатыр. «Мысалы былтыр пандемия басталғалы 281 оқушы ауырған. Ал биыл жыл басынан бері 2 айда 500 оқушы ауырған. Бұл мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне де қатысты. Егер былтыр сәуірден желтоқсанға дейін 28 бала жұқтырса, биыл 38 бала жұқтырған», – деді спикер.

Бекшиннің айтуынша, балалар офлайн оқу кезінде де ата-аналарынан, туыстарынан жұқтырып жатыр. «Көбінесе офлайн форматта оқитын балалардың 61%ы үйінде жұқтырғаны анықталып отыр. Ал былтыр 4 мұғалім ауырса, биыл 10 мұғалім жұқтырған», – деді Ж. Бекшин.

Қазір оқып жатыр

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Сот Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуін жәбірленуші мәртебесінде қалдырды

Әділет Зейнел

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел