Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Мектеп оқушылары маска тігуді үйренуде

Атырау облысындағы Қызылүй негізгі мектебінің оқушылары көркем еңбек сабағында маска тігуді үйренуде.

Мектеп оқушылары маска тігуді үйренуде
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қызылүй мектебі Исатай ауданының орталығынан 35 шақырым қашықта орналасқан. Мектеп директоры Қабыл Ғұбашевтың мәлім етуінше, мұнда оқушылар 9-сыныпқа дейін оқиды.

Былтыр NCOC компаниясының демеушілігімен 80 орындық білім ордасының жаңа ғимараты пайдалануға берілген. Қазір мектептің 1-9 сыныптарында 41 оқушы білім алады. Өткен оқу жылының төртінші тоқсанында оқу жүйесінде ауылда интернет жоқтығына байланысты қиындық болған.

«Оқушылар санының аздығы байланысты сабақтың штаттық режимде өтуі ауылдағы интернет қиындығын жеңілдетті. Мектептің робототехника, биология, көркем еңбек сыныптары соңғы үлгідегі жабдықтармен қамтылған. Ұлдар еңбек пәнінде станоктарда жұмыс істеуге машықтанады. Ал қыздар еңбек пәнінің мұғалімі Майдагүл Хайруллинаның тәжірибесімен іс машинасын пайдаланып, маска тігуді үйреніп жүр» – дейді директор Қабыл Ғұбашев.

Оның айтуынша, қызылүйлік оқушылар бір айға жетпейтін уақытта 100-ге жуық маска тігіп үлгерген.

«Мектепке тігіншілік, аспаздық мамандыққа арналған құрал-жабдықтардың келуі оқушылардың мамандық таңдауына септігін тигізіп отыр. Қазір 8-9 сыныпта оқитын қыздардың арасында тігіншілік мамандықты меңгеруге ниет білдіргендер бар. Олар бос уақытында көйлек, кеудеше тігудің қыр-сырын сұраудан жалықпайды» – дейді көркем еңбек пәнінің мұғалімі Майдагүл Хайруллина.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық көлік бағыттарының маңызды бөлігіне айналып келеді

логистика

Каспий теңізі бетін майлы дақ басты: экологтар не дейді?

Каспий

25 тамыздан бастап электросамокатпен тротуарда жүруге тыйым салынады

самокат

Стример әйел TikTok-тағы эфирден кейін психикалық ауруханаға жатқызылды

стример