Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Мектеп оқушылары қашықтан оқиды

Қазақстанда оқушылар 1 қыркүйектен бастап бірінші тоқсанды қашықтан оқиды.

Мектеп оқушылары қашықтан оқиды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Үкімет отырысында сөз сөйлеген Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов басты басымдық – балалар мен мұғалімдердің өмірі мен денсаулығы екенін жеткізді.

«Осыған қарай келесі шешімдерді ұсынамын: біріншіден, шалғайда орналасқан шағын жинақты мектептерді қоспағанда 1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық мектебіндегі 1-11 сынып оқушылары үшін оқу жылының алғашқы тоқсанын қашықтан оқыту форматында өткізу», – деді ол.

Өз кезегінде Үкімет басшысы Асқар Мамин Денсаулық сақтау мен Білім және ғылым, Цифрландыру министрліктері бойынша 1 қыркүйектен бастап орта мектептерде бірінші тоқсанды қашықтан оқыту форматында өткізуге дайын болуын қамтамасыз етуді тапсырды.

«Қажет болған жағдайда бастауыш сынып оқушылары ата-аналарының жазбаша өтініштері бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, кезекші сыныптардың қызметін қамтамасыз етуді тапсырамын», – деді ол.

Қазір оқып жатыр

«Уахабист емеспін»: Бекболат Тілеухан діни ұстанымына қатысты жауап берді

экс-депутат

Қазақстанда 2 млн теңге жалақы қай саланың мамандарына ұсынылады?

Ақша

Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе таксиі алғаш рет көкке көтерілді

 ұшқышсыз әуе кемесі

Отбасы банк ипотека бойынша ескі үйлерге қойылатын талаптарды жеңілдетті

Ипотека