Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Мектеп мұғалімі алғашқы қоңырауда жартылай жалаңаш киіммен шығыс биін билеген

Ресейдің Хабаровск қаласындағы №76 мектептің мұғалімі 1 қыркүйек күні балалар алдында шығыс биін орындаған.

Мектеп мұғалімі алғашқы қоңырауда жартылай жалаңаш киіммен шығыс биін билеген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өңірлік білім басқармасы мекеме директоры мен оның қызметкерлеріне қатысты тексеруді бастады. 

Ведомство кешірім сұрап, бұл жағдай мұғалімнің жеке бастамасы екенін айтты. 

"Бүкіл мектептің тәрбие жұмысына күмән тудырды. Білім басқармасы мұндай бастамаларды қолайсыз деп санайды", – деп атап өтті білім басқармасы.

Жанжал шыққаннан кейін мұғалім бұл қылығы үшін кешірім сұрады. Оның айтуынша, негізінде кастюм толығымен жабық болған. Күн сәулесінің әсерінен денесі жалаңаш болып көрінген. 

Әйел қойылым арқылы адамдар ешқашан қанаттарын жоғалтпауын көрсеткісі келген. 

"Шығармашылық нөмірімде бақыт құсын бейнеледім. Ешкімді ренжітіп, сезімдеріне тиетін ойым болмады", – дейді Юлия Марченко.

Мұғалім мектепте осы жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істейтінін айтты. Ол биімен қалалық іс-шараларда өнер көрсеткенін мәлімдеді. 

"Барлық балалардан, ата-аналардан, ата-әжелерден, өнерім жағымсыз эмоциялар мен түсініспеушіліктер тудырған барлық адамдардан шын жүректен кешірім сұраймын", – дейді биші. 

Қазір оқып жатыр

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті

Қостанай елдің тәтті тағамдар астанасына айналуда: «Баян сұлу» жаңа жобаны іске қосты

"Баян сұлу"

Kinopark фильмдерді прокатқа шығару үшін 60 млн теңгеге дейін жарнама ақысын талап еткен

Kinopark

Қарағандыдағы дүкендердің бірінде кәсіпкер күрішті 160 пайызға қымбат сатқан

күріш