USD
USD
USD

Мектеп формасының үлгісі өзгереді

Білім және ғылым министрлігі Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға түзетулер әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мектеп формасының үлгісі өзгереді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Талаптардың мақсаты – жалпыға міндетті мектеп формасын қолдануда орта білім беру ұйымдарының көзқарастарының бірлігін қамтамасыз ету, ата-аналардың мектеп формасына оң көзқарасын қалыптастыру, білім беру ұйымдары мен кеңестер (мектеп кеңесі, қамқоршылық кеңесі, ата-аналар комитеті) басшылығының жауапкершілігін арттыру, білім берудің зайырлылығын сақтау.

Сонымен қыздарға арналған мектеп формасына мыналар кіреді:

пиджак, жилет, юбка, шалбар, түймелері немесе құлпы бар тоқылған кардиган (бомбер), классикалық блузка (қысқы кезең: тоқылған жилет, сарафан, водолазка). Еркін, кең тұратын, аяқтың тобығын жауып тұратын қыздарға арналған шалбар.

Мектеп формасына орта білім беру ұйымдарының ерекше белгілерін (эмблемасын, патчтарын, шеврондарын және т.б.) тағуға рұқсат етіледі.

Мектеп формасының түсін, стилін және белдемшенің ұзындығын таңдауды орта білім беру ұйымы және жалпы мектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітілген кеңес (мектеп кеңесі, қамқоршылық кеңесі, ата-аналар комитеті) анықтайды.

Бұл ретте жеке мектеп формасын өндірушілердің артықшылығына жол берілмейді. Ата-аналар өндірушіні таңдауда және мектеп формасын сатып алуда тәуелсіз.

Бұл ретте облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беру органдары ата-аналар мен білім беру ұйымдарына әкімшілік-аумақтық бірлік үшін мектеп формасының бірыңғай түсін таңдауды ұсынады.

Мектеп басшысы мектеп формасының сақталуы туралы мәселені кеңеске (мектеп кеңесі, қамқоршылық кеңесі, ата-аналар комитеті) қояды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция

Баян Алагөзова алғаш рет Forbes Kazakhstan жариялаған ең ықпалды әйелдер тізіміне енді

Баян Алагөзова