USD
USD
USD

Мектеп есепшісі 12 млн теңге жымқырып, құмар ойындарға жұмсаған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында мектеп есепшісі 12 млн теңге жымқырып, құмар ойындарға жұмсаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мектеп есепшісі 12 млн теңге жымқырып, құмар ойындарға жұмсаған
Фото: NEGE.kz

Өскемен, NEGE. Аудандық соттың мәліметіне сүйенсек, Күршімдегі орта мектептердің бірінде есепші болып жұмыс істеген ер адам 2018 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың шілдесіне дейін ақша жымқырып келді.

Ол қаражатты өзінің банк картасына және мектепте жұмыс істемейтін туыстарының шотына аударып отырды. Келген материалдық шығын – 11,9 млн теңге.

«Айыпталушының кінәсі сот-экономикалық сараптаманың қорытындысымен, куәгерлердің сөздерімен дәлелденді. Сотталушы да өз кінәсін толықтай мойындады. Ер адам ақшаны құмар ойындарға және несиесін өтеуге жұмсаған», - деп хабарлады Күршім аудандық сотының баспасөз қызметі.

Сот шешімімен ер адам мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылып, үш жарым жылға түрмеге қамалды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Жамбыл облысында 1 млрд теңгедей қаржыға салынған канал опырылып түсті

Қарақат каналы

Асу Алмабаев UFC турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

.

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.