USD
USD
USD

Мектеп директорларының жалақысы артады

Мектеп директорларына жалақы төлеу жүйесіне өзгеріс енгізіледі.

Мектеп директорларының жалақысы артады
Фото: NEGE.kz

Алматы.NEGE.  Бұл туралы «Білім және ғылым – елдің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбындағы педагогтердің Республикалық тамыз конференциясының пленарлық сессиясында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті.

«Қазіргі кезде мектеп басшылығының жалақы мәселесі өзекті болып тұр. Жалақының қазіргі деңгейіне қарап, бәсекеге қабілетті менеджерлер басшылық қызметке баруға қызықпайды. Жалпы, үздік педагогтар мектеп директоры немесе оқу ісінің меңгерушісі лауазымына бармай жатады», - деді Асхат Аймағамбетов.

Осы орайда министр бұл бағытта тиісті өзгерістер керек екенін атап өтті.

«Мектеп директорларының жалақысы ұстаздың еңбекақысынан төмен болатын жағдайлар жиі кездеседі. Бұл тұрғыда тәуекелдер деңгейі әртүрлі екені белгілі. Білім министрлігі мектеп директорларына жалақы төлеу жүйесіне өзгеріс енгізуді жоспарлап отыр», - деді ол.

Қазір оқып жатыр

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков

Жетісу облысында сыныптастар арасындағы жанжалдан соң оқушы көз жұмды

Қылмыстық іс

Байқоңырда 40 жастағы әйел бес баласына қатыгездік көрсетіп келген деген күдікке ілінді

сот

Теміртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Полиция көлігі