USD
USD
USD

Мектеп директоры пышақ жарақатымен ауруханаға түсті

Пышақ жарақатын алған астаналық мектеп директоры ауруханада жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мектеп директоры пышақ жарақатымен ауруханаға түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Астана қалалық Денсаулық сақтау басқармасы пациенттің қазіргі жағдайы туралы мәлімет берді.

«26 ақпанда жедел жәрдем бригадасы пациентті №2 қалалық көпбейінді ауруханасына жеткізді. Жағдайының ауырлығын ескере отырып, пациент шұғыл түрде емдеу үшін кеуде хирургиясы бөліміне жатқызылды. Сол күні оған операция жасалды. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы қанағаттанарлық, операциядан кейінгі кезеңге сәйкес келеді», - делінген ресми хабарламада.

Басқарманың ақпаратынша, науқас диагностика және емдеу хаттамасына сәйкес толық көлемде ем алып жатыр.

Сондай-ақ, қалалық Білім басқармасының баспасөз қызметі бұл науқастың мектеп директоры екенін растап отыр.

Қазір оқып жатыр

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті