USD
USD
USD

Мектеп директоры оқушыны өгей әкесі зорлағанын жасырған

БҚО-да Жанғалы мектеп-гимназиясының директоры мектеп оқушысына өгей әкесі жыныстық сипаттағы әрекет жасағанын біле тұра жасырды деген күдікке ілінді. Ол қызметінен босатылып, үй қамауына алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мектеп директоры оқушыны өгей әкесі зорлағанын жасырған
Фото: NEGE.kz

Орал, NEGE.  Құқық қорғау органдары оқу орнының басшысы қыздың отбасында болған жағдайды біле тұра хабарламады деп күдіктенеді.

Оқиға 2019 жылы болған. Сол кезде 10 жаста болған мектеп–гимназиясының оқушысына өгей әкесі жыныстық сипаттағы әрекет жасаған. Ол үшін қамауға алынды. 2020 жылы ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жақында "МГ" редакциясына мектеп-гимназия директорының туыстары хабарласып, оны қамауға алынғанын және жауапқа тартылуы мүмкін екенін айтқан. Тергеушілер мектеп басшысы мен мұғалімдерінен оқушыға зорлық-зомбылық жасалғанын білді және ол туралы құзырлы органдарға хабарламады деп күдіктенеді.

Күдіктінің адвокаты Айслу Биялиеваның айтуынша, айыптау тек жәбірленуші қыздың сөзіне негізделген және кез келген мұғалім бұл жағдайға тап болуы мүмкін.

"Мектеп директорын демалыс кезінде мектептен тыс уақытта жасалған қылмыс үшін жауапқа тартқалы жатыр. Тергеу барысында қыз 2019 жылдың сәуірінде Жаңғалы мектеп-гимназиясының мұғалімдеріне анасының азаматтық некедегі күйеуі қысым көрсеткенін хабарлағанын айтты. Полиция директор мен мектеп-гимназияның тағы төрт мұғалімінен жауап алды. Олар қыздың сөздерін толығымен жоққа шығарды. Олар айғақтарын сотта да растады", - деді Айслу Биялиева.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті