Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Мектеп бітірген түлектердің саны биыл рекордтық көрсеткішке жетті

Қазақстанда биыл 3,5 миллионнан астам оқушы үшін соңғы қоңырау соғылып, оқу жылы қорытындыланды. Статистика бюросының мәліметінше бұл соңғы 20 жылдағы рекордтық көрсеткіш.

Мектеп бітірген түлектердің саны биыл рекордтық көрсеткішке жетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқушылардың басым бөлігі Алматы қаласы, Түркістан мен Алматы облыстарынан.

"Бүгін 3 597 159 оқушы үшін соңғы қоңырау салтанаты соғылды", - деп хабарлады ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.

Биыл Қазақстанда 171 мың түлек мектеп бітірді. Оның 8139-ы "Алтын белгі" белгісіне үміткер.

ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Нұр-Сұлтан қаласындағы мектептердің бірінде өткен соңғы қоңырау салтанатында болып, оқушыларды оқу жылының аяқталуымен, түлектерді жаңа кезеңнің басталуымен құттықтады. 

"Осында тұрып, өзімнің мектепті бітірген кездегі сезімдерім еске түсіп тұр. Мектеппен қоштасату жаңа өмірге, жаңа кезеңге қадам басу, болашаққа үмітпен елеңдей қарау мен тәжірибелердің шыңдалатын тұсы. Дәл қазір сіздер үшін ҰБТ, мектеп емтихандары үлкен сынақ пен уайым болуы мүмкін. Алайда өз тәжірибемнен айтатын болсам олардың барлығы өмірде кейін сіз үшін өміріңіздің өте оңай кезеңдеріндей болып көрінеді", - деді Асхат Аймағамбетов.

Ол биыл түлектерге мемлекеттік грантқа түсу үшін жоғары балл жинауға екі рет мүмкіншілік берілгенін гранттар санының да 15 000-ға ұлғайтылғанын, колледждерге қабылдау үшін қосымша 45 000 грант бөлінген еске салды.

Қазір оқып жатыр

«ҰБТ-дан 125 балл жинағанымен, грантқа ілікпеді»: жетісулық ата-аналар шағымын жеткізді

ҰБТ

Қант нарығы әлі де импортқа тәуелді: отандық өндірістің үлесі тек 29%

қант импорты

Қажылыққа апарамын деп елден 60 млн теңге жинап алған екі астаналық сотталды

Қажылық

Қазақстанда сауда өсімі екі есеге жуық баяулады – экономист

әлеуметтік маңызы бар тауарлар