USD
USD
USD

Мектеп басшылығы оқушыны «ұрған» мұғалімді ақтады

Қарағандыда орта мектептердің бірінде 13 жасар оқушының анасы «баламды ұрды» деп айып таққан мұғалім ақталды.

Мектеп басшылығы оқушыны «ұрған» мұғалімді ақтады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқу орнында орнатылған бейнекамерадағы жазба дене шынықтыру пәнінің мұғалімі жасөспірімге қол көтермегенін көрсетті.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Қарағандыда орта мектептердің бірінде дене шынықтыру сабағы кезінде мұғалім оқушысына қол көтеріп, оны еденде сүйрегені туралы ақпарат пайда болды. Осы жағдайға байланысты Қарағанды қаласының білім бөлімі дене шынықтыру мұғаліміне қатысты қызметтік тексеру жүргізді. Оның қорытындасы бойынша, мұғалімнің кінәсі жоқ екені анықталды.

«Баланың анасы, полиция және мектеп басшылығы мектептің спортзалында орнатылған бейнекамераның жазбаларын бірге қарап шықты. Видеода зорлық-зомбылық фактілері жоқ. Бейнебақылау камерасындағы жазба дене шынықтыру мұғалімінің балаға қол көтеру фактісі болмағанын көрсетті. Баланың анасы жағдайды түсінбегенін айтып, тексерілмеген ақпаратты жария етуге асыққаны үшін кешірім сұрады. №34 мектеп ғимаратында педагогтардың, учаскелік полиция инспекторларының және 7-сынып оқушысының анасының қатысуымен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша кеңес өткізілді. Тексеру аяқталды», – деп мәлімдеді Қарағанды қаласының білім бөлімі.

Дене шынықтыру мұғалімі жалған айып тағылғаны үшін баланың анасынан әлеуметтік желіде кешірім сұрауын немесе моральдік шығын талап ете ме, жоқ па,  әзірге белгісіз.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы