USD
USD
USD

Мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізіле ме?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы​ Алик Шпекбаев барлық оқу орнында «Адалдық негіздері» деп аталатын міндетті пән енгізетін уақыт келді деп есептейді. 

Мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізіле ме?
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. Бүгін агенттіктің кеңейтілген алқа мәжілісінде мекеме басшысы өткен жылдың қорытындысын жасап, алдағы мақсат-міндеттерге тоқталды. Осы орайда Шпекбаев жеморлықтың зиянын түсіндіру және адал қоғамды қалыптастыру шараларына баса назар аударды.

«Мәселен, Transparency Kazakhstan-ның қолдауымен жеморлыққа қарсы жазғы мектептер тұрақты түрде жұмыс істей бастады. Бүгінде ол мектептердің саны 4 мыңға жуықтады», –  дейді Шпекбаев. Оның айтуынша, тоқсан сайын «Адалдық сағаты»республикалық акциясы ұйымдастырылады.

«Инфрақұрылым да жасалып жатыр. Адалдық дүкендері мен киоскілері ашылуда. Барлық оқу орнында «Адалдық негіздері» деген міндетті пән енгізетін уақыт келді деп ойлаймын», – деп түйіндеді Шпекбаев. Ол жаңа пән білім мекемелерінде тәрбие жұмыстарын күшейтеді деп санайды. 

Қазір оқып жатыр

«Болашақ» талапқа сай келмейтін 340 адамға 7,7 млрд теңге шәкіртақы төлеген

Шәкіртақы

Қыз алып қашу заң талаптарын өрескел бұзу болып саналады – Артур Ластаев

Қыз алып қашу

Қазақстан өнеркәсіптік әлеуетін арттыруда: жаңа зауыттар, энергетика және өңірлерге тартылған инвестициялар

Коллаж

Спорт министрлігі: «Асаубаеваның дайындығына 2026 жылы 100 млн теңге бөлінді»

Жарасбаев