USD
USD
USD

Мектеп бағдарламасына текбол атты спорттың жаңа түрі енгізіледі

 Өзбекстанның мектеп бағдарламасына текбол аталатын спорттың жаңа түрін енгізу жоспарланып отыр.

Мектеп бағдарламасына текбол атты спорттың жаңа түрі енгізіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Өзбекстанның Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлады. Жақында Ташкентте Текбол халықаралық федерациясы, Халық ағарту министрлігі және Ұлттық Олимпиада комитеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа сәйкес, халықаралық ұйым жақын арада Өзбекстанға он мың бірлік мөлшерінде мүкәммал береді, ал халыққа білім беру министрлігі мен ҰОК осы спорт түрін елде танымал ету мақсатында ынтымақтаспақ. «Іс-шара басталардан бұрын текболдың өте қызықты спорт түрі екеніне тағы бір көз жеткіздім. Бұл жаңа спорт түрлі барлық оқушының сүйікті ойынына айналады деп сенемін. Оның көмегімен біз бірден бес-алты спорт түрін біріктіре аламыз. Ал бұл оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және олардың бос уақытын ұйымдастыру процесінде өте маңызды», – деді Өзбекстан Республикасының Халыққа білім беру министрі Шерзод Шерматов.

«Біз Текбол федерациясына Өзбекстанда осы спорт түрін танымал етуге бастама алғаны үшін алғыс айтамыз. Бұл спорт әлемде өте жылдам дамып келеді. Текбол Өзбекстан Президенті ұсынған салауатты өмір салтын насихаттау үшін өте қолайлы. Бұл спорт түрі болашақта Азия және Олимпиада ойындарының бағдарламасына енуі мүмкін», – деп атап өтті ҰОК бас хатшысы Ойбек Қасымов. Текбол – бұл үстел теннисін еске түсіретін жаңа спорт түрі, онда қисық үстел мен футбол добына ұқсас доп қолданылады. Допты қолдан басқа дененің кез келген бөлігімен ұруға болады. Текболды 2014 жылы Венгрияда екі футбол әуесқойы ойлап тапты: бұрынғы кәсіби футболшы Габор Боршани және бағдарламашы Виктор Хусар. Әлемдік деңгейдегі бірқатар футболшылар (Неймар және Коутиньо) жарыстарға қатысып үлгерген. Осы спорт түрінің ықтимал олимпиадалық мәртебесі талқылануда.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси