USD
USD
USD

Мектеп асханалары мен дәретханаларына мониторингтің екінші кезеңі басталды

 Мектеп асханалары мен жуынатын бөлмелерін бақылауға арналған «Балаға лайық» акциясының екінші кезеңі басталды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Мектеп асханалары мен дәретханаларына мониторингтің екінші кезеңі басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Балаға лайықтың» бірінші кезеңі акцияның тиімділігін көрсетті. Алғашқы мониторинг нәтижесінде 1 мыңнан астам хабарлама түсті. Жергілікті атқарушы органдарға жазғы демалыс кезінде барлық кемшілікті жою тапсырылды», – дейді Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Элина Паули. Сонымен қатар, акция аясында анықталған үлгілі мектептер ынталандырылады. Ал, кемшіліктерді жою есебі әлеуметтік желілер арқылы жария етіледі.

«Кемшіліктермен жұмыс жүргізілгеннен кейін Instagram-дағы @balaga.laiyq парақшасына мектеп дәретханалары мен асханаларының «дейінгі және кейінгі» фотолары мен видеолары жарияланады. Мектептер заңды түрде әкімдіктерге бағынады және мектептерді салу мен ұстауды қаржыландыру олардың құзырында екенін еске сала кетеміз. Осындай акцияны өткізу арқылы біз бірге балаларға қолайлы жағдай жасауға тырысамыз», – деді Элина Паули.

Бұл науқанға мұғалімдер, ата-аналар, балалар және кез келген азаматтар қатыса алады. Ол үшін фото және видео түсіріп, мекеменің атауы мен мекенжайын көрсетсе болғаны. Мектеп асханалары мен дәретханаларына қатысты шағымдар, кемшіліктермен қатар, үлгі ретінде көрсетуге болатын жағдайлар да қабылданады.

Фото/бейне материалдар WhatsApp пен Telegram-ға +7 (700) 699-04-46 нөмірі, Telegram ботындағы https://t.me/Balagakz_bot сілтемесі арқылы немесе Instagram әлеуметтік желісіне #БалағаЛайық #balagalaiyq хэштегтері арқылы жүктеліп, @balaga.laiyq парақшасы белгіленуі қажет.

Акция 20 желтоқсанға дейін жалғасады.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда фемицид үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу ұсынылды

фемицид

Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады: полиция қылмыстық іс қозғады

Қылмыстық іс

Алматы соты «журналистерді қамап қойды» деген ақпаратты теріске шығарды

журналистерді қамап қойған

Маңғыстаудағы ауылдардың бірінде сексеннен астам үйдің ауласын су басты

су басу