Мектеп оқушысы музыка пәнінің мұғаліміне пышақ салды
24 қыркүйекте Францияда оқушы музыка пәнінің мұғаліміне пышақпен шабуыл жасап, жарақаттады. Күдікті оқиғадан кейін көп ұзамай ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы, NEGE. Barron's басылымының жазуынша, Франциядағы орта мектептердің бірінде 14 жастағы оқушы сабақ кезінде мұғалімді бет тұсынан пышақпен жарақаттаған. Шабуылдан кейін мұғалім ауруханаға жеткізілді.
Күдікті қашып кетуге тырысқан, бірақ көп ұзамай ұсталды. Ұсталу кезінде ол өзін-өзі де жаралап үлгерген, сондықтан ол да ауруханаға жеткізілді.
Францияның білім беру министрі Элизабет Борн оқушылар мен мектеп қызметкерлеріне көмек көрсету үшін шұғыл әрекет ету бөлімшесі іске қосылғанын мәлімдеді.
Жергілікті жандармерия күдіктінің ниеті әзірге белгісіз екенін хабарлады. Білім басқармасының өкілі оқушының үлгерімі нашар болғанын және мектеп ұжымы көмек көрсету үшін жұмылдырылғанын айтты.
Қазір оқып жатыр
Алматы, Шымкент, Түркістан және Ұлытау ЭКСЖ ұлттық жобасы бойынша артта қалды
Бозымбаев: Коммуналдық желілердің тозуын 2029 жылға дейін төмендетуіміз керек
Таразда 19 жастағы қызды алып қашқан Алматы облысының үш тұрғынына үкім шықты
Алматыда полицейлер жүзден астам автобусты айыппұл тұрағына алып кетті