USD
USD
USD

Мектеп оқулықтарын әзірлеуге қойылатын талап күшейтілді

Мектеп оқулықтарын дайындау және сараптамадан өткізу қағидаларына өзгеріс енгізілді. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палата өкілдері хабарлады.

gov.kz
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Палата мәліметінше, өткен жылдың ақпан айында орта білім беруді дамытуға және сапасын арттыруға бөлінген қаражаттың тиімді пайдаланылуына мемлекеттік аудит жүргізілген.

Тексеру қорытындысы бойынша, оқу-ағарту министрлігіне оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу, мониторингтеу және басып шығару қағидаларын қайта қарау тапсырылған. 

Енгізілген өзгерістерге сәйкес, енді уәкілетті орган жекелеген баспаларға сауал жолдамай-ақ тақырыптық жоспарды бекіте алады. Сондай-ақ тақырыптық жоспарды міндетті түрде жариялау, авторлық ұжымға тиісті білімі мен тәжірибесі бар кемінде үш білікті маманды қосу туралы талаптар енгізілді. 

Сондай-ақ оқулықтарды сараптаудың нақты өлшемшарттарын белгілеу, оқулықтарды жаңартудың 5 жылдық қолданыс мерзімін сақтау үшін олардың сапасына мониторинг жүргізу тәсілдерін жаңарту талап етілді.

Нәтижесінде бұл өзгерістер оқу-ағарту министрінің 24 қарашадағы бұйрығымен бекітілді. 

«Жаңартылған нормалар тақырыптық жоспарды құру тәртібін, авторлық ұжым құрамына қойылатын талаптарды, сараптамалық бағалау өлшемшарттарын регламенттейді, сондай-ақ оқулықтар мен ОӘК сапасын мониторингтеу рәсімдерін нақтылайды», – делінген хабарламада.

Өзгеріске сәйкес, енді тақырыптық жоспар автоматты түрде жасалады: баспалар мен әзірлеушілер Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының интернет-ресурсы арқылы өтінім береді. 

Оқулықтар мен электронды оқулықтарды құрамында тиісті оқыту курстарынан өткен ғалымдар, әдіскерлер және педагогтер бар авторлық ұжымнан тұратын әзірлеушілер немесе баспалар әзірлейді. 

Бұған қоса Министрлікке мектеп кітапханаларының қорын есепке алу және бақылау процестерін, сондай-ақ оқулықтар мен ОӘК-ні сараптамаға қабылдауды автоматтандыру тапсырылған.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

.

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

TAS

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

Бақыт Түменова

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

.