Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Мексикада COVID-19 өршіп тұр

Коронавирус індеті әлемде әлі де ырық бермей тұр.

Мексикада COVID-19 өршіп тұр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Джонс Хопкинс университеті келтірген соңғы мәліметке сай бүгінде вирус жұқтырғандардың саны 66 млн-нан асады. Ал көз жұмғандардың қатары 1,5 миллиондай. Осыған байланысты Мексика билігі тұрғындарды жаңажылдық мереке кезінде сапарға шықпауға шақырып жатыр. Тіпті рождестволық сыйлықпен алмасудан да бас тартулары керек. Бұл – ел президентінің сөзі. Оның айтуынша, қазіргі ахуал онсызда күрделі. Науқастар саны тым көп. Сондықтан Үкімет ауруханалардағы төсек-орын санын мейлінше көбейтіп жатыр екен. 

"Тұрғындар қауіпсіздік шараларын елемейді. Ал Үкімет бұл шаралардың орындалуын тиісті деңгейде қадағаламайды. Менің ойымша, елдегі екінші толқынның басталуына мексикалықтар да, үкімет те жауапты", - деді қала тұрғыны.

Бразилиядағы жағдай да мәз емес. Сондықтан мұндағы билік те алдағы жаңажылдық мейрамдардан үрейленіп отыр. Бұған қоса жастардың сақтық шараларын елемей, мейрамхана жағалап, көңіл көтергені де үкіметтің алаңдаушылығын тудырған. Сарапшылардың сөзінше, жастар арасында вирус жұқтыру деректерінің артуы елдегі жалпы көрсеткіштің күрт өсуіне түрткі болған. 

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық