USD
USD
USD

Мексикада белгісіз біреулер 16 адамды өлтіріп кетті

Мексиканың орталығындағы Сакатекас штатында екі жаппай кісі өлтіру оқиғасы тіркелді. Жалпы саны 16 адам өлтірілді.

Мексикада белгісіз біреулер 16 адамды өлтіріп кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Фреснильо және Панфило-Натера муниципалитеттерінде 10 және 6 адамның мүрдесі табылды», - делінген хабарламада.

Билік өкілдері тергеу амалдарына кірісіп кетті.

«Тергеу барысы жайлы ақпарат тек ресми арналар арқылы таратылады», - деп ескертті ведомствода.

Оқиғаға не себеп болғаны жарияланған жоқ. Сакатекасте «Синалоа» және «Халисконың жаңа буыны» есірткі картельдері арасында жанжал бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Бұл шиеленіс аймақтағы зорлық-зомбылықтың күрт өсуіне әкеп соқтырды.

2019 жылы өңірде қылмыскерлер қолынан 700 адам көз жұмған болса, 2021 жылы 1,6 мың адам мерт болды. Билік өкілдерінің бағамдауынша, бұл кісі өлтіру оқиғаларының 90%-дан астамы ұйымдасқан қылмыстық топтың мойнында. 2021 жылы Мексикада 33 308 адам өлтірілген.

Бір жыл бұрын есеп бұдан 1 246-ға көп болған. Ұлттық статистика және география институтының зерттеуіне сәйкесғ елде ересектердің 65,8% тұрғылықты жерінде өзін қауіпсіз сезінбейді. Ал Сакатекастағы Фреснильо қаласында бұл көрсеткіш 96,8%-ға жеткен.

 

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда жүргізуші куәлігінсіз адам қағып кеткен әйелдің жазасы кейінге қалдырылды

со  үкімі

Ресейде Қазақстаннан жеткізілген көліктер үшін 1 млн рубльге дейін қосымша төлем талап етілуде

утильалым

Францияда аптап ыстықта көлікте қалған екі бала көз жұмды

Аптап ыстық

Бурабайдағы Көкшетау тауына шығуға уақытша тыйым салынды

Бурабай