USD
USD
USD

Мексикада аптап ыстықтан 90 адам қаза болды

Мексикада жыл басынан бері аптап ыстықтан 90 адам көз жұмған. Бұл туралы aa.com порталы жазды.

ауа райы
Фото: el.kz

Алматы, NEGE. Мексикалық баспасөз беттері хабарлағандай, Веракрус, Табаско, Тамаулипас, Нуэво-Леон және Сан-Луис Потоси сияқты штаттарда өте жоғары температураның әсерінен қаза тапқандар саны артып жатыр.

Мексика Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, тек 29 мамырдан 5 маусымға дейін 29 адам аптап ыстықтың салдарынан көз жұмған. Екі мыңға жуық адам ауруханаларға ыстыққа шағымданып жүгінген.

Ұлттық ауа райы қызметі (SMN) алдағы күндері елде өте жоғары температура толқыны жалғасатынын жеткізді. Сол себепті созылмалы аурулары бар адамдарға белгілі бір уақытта қажет болмаса далаға шықпауға кеңес берді.

 

Қазір оқып жатыр

ҰҚК Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиевтің ұсталғанын растады

Жақыпов, Отышниев

«Ақшаны қайтарыңдар»: Павлодар әкімдігі әлеуметтік төлемге қатысты түсініктеме берді

Мүгедек бала

Астанада чемодандардан долларлар шашылды

Астанада аулада шашылып жатқан доллар

Пайда мен қарыз бірге өсуде. Ағайынды Тастекейлер биыл НЕГЕ қарқын алып келеді?

TAS