USD
USD
USD

Мексика шығанағының атауы өзгертілді

Бұл жөнінде АҚШ ішкі істер министрлігінің сайтында жазылды.

Дональд Трамп
Фото: 24 канал

Алматы, NEGE. Сонымен, АҚШ-та Мексика шығанағы «Америка шығанағы» болып өзгертілді. 

«Президент Дональд Трамптың жарлығына сәйкес, Мексика шығанағы енді ресми түрде Америка шығанағы болып аталады, ал Солтүстік Американың ең биік шыңы – қайтадан Мак-Кинли тауының атымен аталатын болды», – деді ведомство.

Мұндай өзгертулер АҚШ-тың мұрасын сақтап, «болашақ америкалықтардың қаһармандардың мұрасы мен елдің тарихи құндылықтарын құрметтеуіне жол ашады», – деп жазылған ІІМ сайтында.

Онда шығанақтың «ұлт үшін маңызы зор» екені және «Америка саудасы, энергиясы мен теңіз өнеркәсібіндегі маңызды күретамыр» рөлін атқаратыны жазылған.

1897-1901 жылдары АҚШ президенті болған Уильям Мак-Кинли «тарифтер мен талантының арқасында елімізді байытты – ол өте талантты кәсіпкер еді», – деді Трамп.

Аляска тауы 1917 жылы Мак-Кинлидің құрметіне аталған, ал 2015 жылы сондағы байырғы халықтың тіліне құрмет ретінде Денали деп өзгертілген еді.

Мексика шығанағының жаңа атауын халықаралық қауымдастықтың мойындай қоюы екіталай, – деп жазды Reuters.

Қазір оқып жатыр

Қарағанды облысында қызды топ болып зорлаған бес жасөспірім сотталды

Қылмыстық іс

Ақтауда ерлі-зайыпты интим қызмет көрсететін адамды бопсалап, 3 млн теңге талап еткен

әйел

Журналист Александра Алехованың жазасы жеңілдетіліп, кәсіби қызметімен айналысуға рұқсат берілді

Александра Алехова

Ұсталған Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиев туралы не белгілі?

Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиев