USD
USD
USD

Мекемелерге QR-код арқылы кіруге болатын Ashyq қосымшасы іске қосылды

Қазір еліміздің үш аймағында жоба жүзеге аса бастады. Бизнес-нысандар адамдарды індетке қарсы мәртебесі арқылы қабылдай алады.

Мекемелерге QR-код арқылы кіруге болатын Ashyq қосымшасы іске қосылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Індетпен күресудің түрлі амалы ойлап табылып жатыр. Карантин режимін сақтау үшін кәсіпкерлер қызметін тоқтатуға мәжбүр болды, тіпті кейбірі банкротқа ұшырады. Енді барлық нысан жұмысын жалғастыру үшін елде мекемеге кіруге мүмкіндік беретін Ashyq қосымшасы іске қосылды. Әзірге Елорда мен Алматыда және Қарағанды қаласында қолданысқа берілді.
Қалалық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қуанышбек Мұқаш: "Бұл кәсіпкерлерге қандай мүмкіншіліктер береді? Мысалы, біз қызыл түсті аймақта болатын болса, онда бұлар сары түсті аймақтарға тиесілі шектеумен жұмыс істей алады. Қызыл түсті аймақта сенбі-жексенбі рұқсат етілмесе, ал сары аймақта рұқсат етілсе, сонда бұлар сенбі жексенбі жұмыс істей беретін болады", – деді. 

Қосымша жұмыс істеп тұр. Тек бұл жобаға қосылуға барлық орындар келісім бермеген. Мәжбүрлеу жоқ, ерікті түрде мекемеге QR-код арқылы келушілерді қабылдасаңыз болады. Осы қосымшаны жүктеп, кодты енгізіп біз оларды тексеріп жатырмыз. Кешегі қызмет көрсеткен отыз адамда да көк түс болды. Ashyq мобильді қосымшасын ІТ-компания әзірлеген. Болашақта бұл жаңашылдық нәтижесін берсе, басқа облыстарға да енгізу жоспарда бар дейді жауапты мамандар. Цифрлық дәуірде бұл бастама халыққа пайдалы болса болғаны.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

.

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

.

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

.

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

.