USD
USD
USD

Мейрамхана әкімшісі мерейтой жасамақ болған тұрғынды алдаған

Әйел Бөгенбай батыр даңғылында орналасқан қала мейрамханаларының біріне өзінің мерейтойын тойлауға залды брондау үшін келген. Мекеме әкімшісімен сөйлесіп, ол оған 70 мың теңге көлемінде депозит берген. 

Мейрамхана әкімшісі мерейтой жасамақ болған тұрғынды алдаған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қосымша келіссөздер үшін белгіленген күні әйел мейрамханаға келіп, әкімшінің жоғалып кеткенін және бір аптадан астам уақыт жұмыста болмағанын білген. Телефон қоңырауларына жауап бермеген. Үмітін үзген әйел полицияға жүгінген.

Сол күні "Алаяқтық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. "Сарыарқа" ауданының ПБ КПБ жедел уәкілі Ерасыл Адылхан бір тәулік ішінде қаскүнемді анықтап, полицияға жеткізді. Ол 33 жастағы ер адам болып шықты. Ол мойындау көрсетпелерін берді және ақшаны қайтарып берді. 

Әйел алғысын бейнажазба арқылы жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаутағы сарбаздар қазасы бойынша 300-ден астам адамнан жауап алынды – Бас прокуратура

Әскерилер өлімі

Қостанайда қарт кісіні өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды

Күдікті пен полицей

Китана «Бүркіт» арнайы жасағына қабылданған алғашқы жауынгер қыз атанды

Китана – Қымбат

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler