USD
USD
USD

Мейрамбек палатаға шықты

Әнші Мейрамбек Беспаевтың коронавирус жұқтырып, Алматыдағы №7 аурухананың жан сақтау бөліміне түскенін кеше алғашқы болып хабарлағанбыз. Әнші тәуір болып, палатаға ауыстырылыпты.

Мейрамбек палатаға шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «МузАРТ» тобының әншісі, Мейрамбектің әріптесі Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында былай деп жазды: «Қайбір жылы Мейрамбек ауырғанда жалғыз ұлымның тілеуін тілемесем де, Мейрамбектік тілеуін тіледім», деп еді бір анамыз. ҚАЗАҚтың бағына туған баласы Мейрамбек бірнеше күн бұрын короновирустың жеңіл түрімен ауырып бастап еді, кеше кешкісін қысымы қатты көтеріліп, жан сақтау бөлімінен бір-ақ шықты. АЛЛАға шүкір, бүгін жеке палатаға шықты. Жағдайы қалыпты. Мұсылманның қаруы – дұға. Әбіләшімұлы Мейрамбек үшін дұға тілеп қойыңыздаршы. ҚАЗАҚтың Мейрамбегі, әулетінің тірегі, «МузАРТтың» жүрегі жүзге жетсін».

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян