USD
USD
USD

Мейрамбек Бесбаев: ортақ шешімге келдік

Жуырда тиісті қаламақысын ала алмай жүрген әншілер қауымы орындаушылар одағының басшысын сырттай орнынан алып тастап, өнердегі әріптестері Мейрамбек Бесбаевты сайлаған еді. Жаңа қызметке тағайындалған өнер иесі

Мейрамбек Бесбаев: ортақ шешімге келдік
Фото: NEGE.kz

әлеуметтік желідегі жеке парақшасында мәжіліс депутаты Зағипа Балиеваның  жұмысына кедергі келтіріп, қысым көрсетіп жатқанын жазған болатын. Ал мемлекет қайраткері Балиева ханым болса, ақпарат құралдарына бұл іске ешқандай қатысы жоғын айтып, әншімен байланысқа шыға алмай отырғанын хабарлаған.

Алматы, NEGE.  Қос тарап өзара мәмілеге келді. Бесбаев мырза  әлеуметтік желіде депутат Зағипа Балиевамен келіссөздер жүргізіп, ортақ шешімге келгенін жазды.

«Бүгін ұйымның бұрынғы басшылығымен кездесу өткіздім. Біріншіден, менің заңды түрде басшы ретінде әділет органдарында тіркелуіме бұрынғы басшылық ешқандай кедергі келтірмейтін болды. Екіншіден, одақтың басқа ұйымдар мен құрылымдардың алдындағы міндеттемелерін бұрынғы басшылық және біз екі жақтап шешетін болдық», - деген өнер иесі туындаған мәселенің  шешімін табуына көмектескен Зағипа Яхияқызына алғысын білдіріп, қолдау көрсеткен ағайынға ризашылығын жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.

Тоқаев әкесіне арналған ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойды

.

Бекет ата жерасты мешіті бастаған бес киелі орын ЮНЕСКО тізіміне енді

.

Қазақстандықтар БАӘ-де жүргізуші куәлігін емтихансыз айырбастай алады

жолдағы жылдамдық