USD
USD
USD

Мейрамбек Бесбаев Майк Тайсонмен телефон арқылы сөйлесті

Қазақ эстрадасының жұлдызы Мейрамбек Бесбаев күллі әлемге әйгілі боксшы Майк Тайсонмен телефон арқылы сөйлесті.

Мейрамбек Бесбаев Майк Тайсонмен телефон арқылы сөйлесті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өнер иесі танымал боксшымен сөйлескен сәтін Instagram парақшасында жариялады. Онда Бесбаев пен Тайсонның видеобайланыс арқылы әңгімелесіп жатқанын көруге болады. Әзірге ағылшын тілін жетік білмейтін әншіге арнайы аудармашы көмектескен. Мейрамбек Бесбаев Майк Тайсонды жүрегі жұмсақ, жаны таза жігіт ретінде сипаттады.

"Білектің күшімен бүкіл әлемді таң қалдырған, аңыз адам Майк Тайсонмен телефонмен сөйлесу сәті түсті. Жүрегі жұмсақ, жаны таза жігіт екен. Айтпақшы, кептер ұстайтыны бар екенін білетін шығарсыздар. Біздің кептершілер одағының мүшесі десең. Бас аман, бауыр бүтін болып, жақсы күндерде жолығайық. Оразаларыңыз қабыл болсын", - деп жазды әнші. 

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов