USD
USD
USD

Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамауға алу мерзімі ұзартылды

Қазақстандық блогер, вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамауға алу мерзімі тағы ұзартылды.

Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамауға алу мерзімі ұзартылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты шешім шығарғаны белгілі болды. Онда Төребаев әлі де қылмыстық іс материалдарымен танысып жатқаны айтылған.

"Сот шешімі бойынша, күдіктіні қамауда ұстау мерзімін қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде бір айға, яғни 18 желтоқсанға дейін санкциялау туралы тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды. Шешім заңды күшіне енген жоқ", - деді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі өкілдері.

Сондай-ақ, сот бір күннен кейін Шерниязовқа қатысты қаулы шығарды. Оның қамауға алу мерзімі де тағы бір айға ұзартылды.

"Сот шешімі бойынша, күдіктіні қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін бір айға, яғни 19 желтоқсанға дейін санкциялау туралы тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды", - деп толықтырды сот өкілдері.

Қазір оқып жатыр

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Ақмарал Әлназарова

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код