USD
USD
USD

Мейіржан Төребаев: Мен де алдандым

Танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев, Азизжан Саидбаев және Мейірхан Шерниязовты сот қамауға алу туралы шешім шығарды. Ақпарат жарияланғаны сол-ақ екен әлеуметтік желі дүр сілкінді. 

Мейіржан Төребаев: Мен де алдандым
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Отандық БАҚ ақпаратты жедел көшіріп, жариялап жатқан шақта Мейіржан Төребаев шаңғы теуіп жүргенін айтып желіге шықты. Кейіннен кепіл арқылы бостандыққа шыққаны туралы ақпар тарады. Құрылтайшылардың бірі болған Мейіржан Төребаев «Мен де алдандым» деп отыр.

Әлқиссадан тарқатсақ, әзілімен аудиторияның ықыласына кенелген вайнерлер қайбір жылы «MUDARABAN CAPITAL» атты қаржы пирамидасын жер-көкке сыйғызбай мақтап, жарнамалаған-ды. 

Өткен жылдың қазан айында Алматы қалалық полиция бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов «қаржы пирамидасын ұйымдастырды» деген айыппен Mudarabah Capital компаниясының басшысы ұсталды», – деп хабарлады. 

Ашық дереккөзде  «MUDARABAN CAPITAL» ЖШС басшысы Руслан Бұрқанов деп көрсетілген. Ал, компания 2020 жылдың мамыр айында тіркелген. Сол жылдары Бұрқанов та желіге қосылып, ашылып, белсенді «блогер» ретінде көрініп жүрген. 

Арадан 11 ай өткенге полицияға ASTEX.KZ, ACD technology ЖШС-на қатысты «қаржы пирамидасын құрды» деген шағыммен бір топ адам арызданған. Бұл арыз Бұрқановқа оңай соқпады. Бірден уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Тергеу кезінде 2019 жылғы ақпан мен 2021 жылғы қаңтар аралығында ЖШС өкілдері екіжақты келісім бойынша ай сайын әр салымшыға фирмаға салған сомасының 20 пайызын төлеуі керек екені анықталған. 

Astex.kz ЖШС-ның бұл шуған қандай қатысы бар? Mudaraban Capital 160 салымшының 2 миллиард теңгеден астам қаражатын осында құйған.  ACD Technology ЖШС-де аталған істің ішінде. Astex.kz ЖШС Алмас Құрманғалиевке тиесілі.

Блогерлер бұл «жобаға» тосыннан әлде ұйымдасқан түрде қатысқаны әзірге белгісіз. Мейірхан Шерниязов үнсіз, Азизжан Саидбаев іздеуде, тек Мейіржан Төребаев желі арқылы болған жайтты түсіндіріп жатыр. 

«Жағдайым жақсы, бәрі бақылауда. Жазықсыз кінәлап жатыр. Бәрінің үстінен шағым жаздым. Талдықорғандағы, Жаңаөзендегі жайттарға қоғам назарын аудармау үшін мені пайдаланып жатқан сияқты», – дейді Төребаев.

Вайнер оқиғаның қалай басталып, өрбігені жайлы тағы бір жазба жариялады. 

2020 жылдың қыркүйек айында салымшы болған Төребаев екі айдан кейін құрылтайшылар қатарынан табылған. Бірақ «Менің басқа бизнесім бар, қаржы жайлы түк түсінбеймін. Мен сендім, сол үшін де алдандым» деп жазыпты. Одан өзге өткен жылы аталған компанияның үстінен шағым түсіргендер қатарында мен де бармын дегендей қаулыны суретке түсіріп, желіге жүктеп қойыпты.  

P.S: Істің ақ-қарасын құзырлы органдар анықтай жатар. Бірақ, Төрабаевтың «білмей қалдым» деп халықты зар илеткенін басқалар біліп жүрсе екен. 

Қазір оқып жатыр

Роналду рекорд орнатқан ойында Португалия Өзбекстанды ойсырата жеңді

.

«Ауылда» да төраға ауысты: Егізбаев орнын босатты

.

Оңтүстікте жұмыс уақытында құмар ойын ойнаған шенеуніктер қызметінен қуылды

.

26 маусымда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Парламент