USD
USD
USD

Мейірім Нұрсұлтанов жапонның жеңіліп көрмеген боксшысын құлатты

Боксшылардың екеуі де бұған дейін рингте жеңіліп көрмеген еді.

Мейірім Нұрсұлтанов жапонның жеңіліп көрмеген боксшысын құлатты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен бокс кешіндегі басты жекпе-жекте қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов (18-0, 10 КО) пен жапониялық Кадзуто Такесако (15-0, 14 КО) шаршы алаңға шықты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

М.Нұрсұлтанов бұл жекпе-жекте орта салмақтағы WBO International тұжырымы бойынша чемпиондық атақты сарапқа салды.

Мейірім жекпе-жек барысында басымдылығын байқатып, сегізінші раундта қарсыласын сұлатып түсірді.

Осылайша, 12 раундқа есептелген жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталып, Кадзуто Такесако алғаш рет нокаутпен жеңілді.

Сөйтіп, М. Нұрсұлтанов кәсіпқой бокстағы 19-шы жеңісіне қол жеткізіп, WBO белдігін сақтап қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Мейірім Нұрсұлтановтың WBO титулы үшін жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өткенін жазған едік.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе