USD
USD
USD

Мейірім Нұрсұлтанов Ташкентте чилилік боксшыны жеңді

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11 КО) Ташкентте (Өзбекстан) өткен кәсіпқой бокс кешінде чилилік боксшы Хулио Аламоспен (16-1, 9 КО) жұдырықтасты, деп хабарлайды Kazinform. 

Мейірім Нұрсұлтанов Ташкентте чилилік боксшыны жеңді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Хумо Аренада» өткен жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған болатын. Кездесу мезгілінен бұрын аяқталмай, белгіленген уақыт бойынша өтті. Нәтижесінде, Мейірім Нұрсұлтанов төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша отандасымыз WBC чемпионының міндетті қарсыласы атанды. Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой мансабындағы 20-шы жекпе-жегінде жеңіске жетсе, Хулио Аламос екінші рет жеңіліске ұшырады.

Айта кетейік, Нұрсұлтанов Boxrec.com нұсқасы бойынша Қазақстанның ең үздік боксшысы.

Қазір оқып жатыр

«Самұрық-Энерго» компаниясының жаңа басшысы тағайындалды

Аңсар Айдаров

Ержан Бабақұмаров туралы естелік кітап жарық көрді

Ержан Бабақұмаров

Алматыда ауруханалардың қарызы үш есеге жуық өскен

Ақмарал Әлназарова

Жаңаөзенде төрт тонна мұнай өнімі тәркіленді

Жаңаөзендегі заңсыз мұнай өнімі