USD
USD
USD

Mega сауда орталығында қыз бала қайтыс болды (видео)

Нұр-Сұлтандағы Mega Silk Way сауда ойын-сауық орталығында қыз бала көз жұмды.

Mega сауда орталығында қыз бала қайтыс болды (видео)
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 22 қараша күні "103" пультіне Mega Silk Way сауда ойын-сауық орталығында белгісіз адамның ес-түссіз жатқаны туралы жедел қоңырау келіп түскен.

"Оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасы тіршілік белгісі жоқ қыз баланың мәйітін анықтады. Куәгерлердің айтуынша, 1992 жылы туған қыз кенет есінен танып, денесінде тырысулар басталған. Олар сауда орталығының қызметкерлеріне хабарлап, көмектесу іс-шараларын жасаған, алайда еш нәтиже болмаған", – деді Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Марқұмның денесі полицияға тапсырылды.

Бұқаралық ақпарат құралдарындағы мәліметтерге сәйкес, марқұм аталған сауда орталығында жұмыс істеген.

Елордалық полиция 22 қарашада Mega Silk Way-да қыздың қайтыс болғаны, сондай-ақ оның сауда орталығында күзетші болып жұмыс істегені туралы ақпаратты растады.

Өлімнің себебі әлі анықталған жоқ. Іс тергеліп жатыр. Қазіргі таңда сот-медициналық сараптаманың қорытындысын күтуде.

Қазір оқып жатыр

Temu-дың табысы төмендеп барады – сарапшылар

Temu

Ақмола облысында 20 гектардан астам аумақ өртке оранды

Ақмола облысы

Қазақстанда бөлшек кредит нарығының өсімі баяулаған

Тұрғын үй

Астанада мұнаралы кран құлап, краншы қаза тапты

Кран