Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Медведчук қос президенттен өзін айырбастауды сұрады

 Өткен аптада Украинаның қауіпсіздік қызметі ұстаған Жоғары Рада депутаты Виктор Медведчук Ресей мен Украина президенттеріне үндеу жолдады. 

Медведчук қос президенттен өзін айырбастауды сұрады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол қос мемлекет басшысынан өзін Мариупольде қоршауда қалған Украина сарбаздары мен тұрғындарына айырбастауды сұрады. Бейнежазбаны Украинаның қауіпсіздік қызметі жариялады.

Виктор Медведчук, украиналық саясаткер:

Мен Медведчук Виктор Владимирович Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин мен Украина президенті Владимир Зеленскийден мені Мариуполь қаласынан гуманитарлық дәліз арқылы шығуға мүмкіндігі жоқ шаһардың қорғаушылары мен оның тұрғындарына айырбастауды өтінемін.

Еске сала кетейік, Виктор Медведчук былтыр мамыр айында Украинада мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен ұсталып, кейін үйқамаққа отырғызылған. Алайда Украианда қарулы қақтығыс басталғанға бірнеше күн қалғанда қашып кетіп, өткен аптада қайта қолған түскен еді. Осыдан кейін президент Зеленский оны Ресейге тұтқындағы украиналық сарбаздарға айырбастауды ұсынады. Алайда Кремль Медведчук Ресей азаматы емес және әскери қимылдарға ешқандай қатысы жоқ деп жауап қайтарады. 

Қазір оқып жатыр

Экономист Алматыдағы автотұрақтардың құнын 1 мың теңгеге дейін көтеруді ұсынды

ақылы тұрақ

ОСК: Аккредиттелген байқаушылар саны Құрылтай сайлауына халықаралық қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді

Нұрлан Әбдіров

Бақытжан Базарбек көлікпен қағып кетті деген жігіттің туыстары мәлімдеме жасады

Бақытжан Базарбек және жәбірленуші тарап

Тоқаев төтенше жағдайлар министріне өрт қауіпсіздігі деңгейін көтеруді тапсырды

Тоқаев, Әрінов