USD
USD
USD

Медсарапшы: «Нүкенованы соғып, артынша қылқындырған»

Бүгін экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында сот медициналық сарапшы Тахир Халиназаров жауап беруде.

эксперт
Фото: скриншот

Алматы, NEGE. Ол Салтанаттың өлімінің себебі жайлы айта келе өлімге жарақаттың бәрі әсер еткенін, жеке осы соққы оған себеп болды деп бөліп қарауға болмайтынын айтты. 

Салтанат Нүкенованың мәйітіне сараптама жасаған сарапшы Тахир Халимназаров бүгін сот залында марқұмның бет-жүзінде болған зақымдарды манекенге салып көрсетті. Оның айтуынша, Салтанат Нүкенованың басына жасалған соққылар бірге өлімге әкеп соққанын айтады.

– Есі бар, ояу адам басынан мұндай жарақат алмайды. Кездейсоқ құлап кетсе де, ол міндетті түрде басын рефлекторлы түрде қорғап құлайтыны анық. Адам биіктен құлап кетсе, онда басын қорғай алмайды. Бірақ жерде тұрған адам басын жерге соғып, мұндай зақым ала алмайды, – деді Тахир Халимназаров.

Судья Айжан Көлбаева сарапшыдан “Нүкенованың басына 12-13 рет соққы жасалған соң қылқындырған ба?” деп сұрады. Халиназаров “қылқындыру белгілері бар” деп жауап берді. Судья одан қарапайым тілмен түсіндіруді өтініп, “соққылардан кейін қылқындырған ба?” деп қайта сұрақ қойды. Эксперт “иә” деп жауап берді.

Қазір оқып жатыр

Спорт министрлігі: «Асаубаеваның дайындығына 2026 жылы 100 млн теңге бөлінді»

Жарасбаев

«Ақ үйде досыңыз бар деп айта аламын»: Тоқаев Трамптың арнайы өкілімен кездесті

Тоқаев

2025 жылға арналған барлық әлеуметтік міндеттеме орындалды – Мәди Такиев

Мәди Такиев

Шахматшы Бибісара Асаубаева Спорт министрлігіне шағымданып Тоқаевтан көмек сұрады

Бибісара Асаубаева