Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Медициналық волонтерлер оқытылды

Елордада «Волонтерлер мектебі» жобасының қорытындысы шығарылды.

Медициналық волонтерлер оқытылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қала әкімдігінен мәлім еткендей, жоба аясында 90 медициналық волонтер оқытылды.

«Волонтерлер мектебі» – «Қазақстанның медициналық жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің бастамасымен, елорда әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылған жоба.

Бір апта ішінде 16-24 жас аралығындағы 90 жас алғашқы медициналық көмек көрсетуге, коммуникативті дағдыларға оқытылды және коронавирус пандемиясының жазғы толқынында ауруханаларда жұмыс істеген еріктілермен кездесті.

«Волонтерлер мектебі аясында біз үш рет онлайн-тренинг өткіздік. Тыңдаушылар коммуникативті дағдыларды игерді, Ресей мен Қырғызстандағы шетелдік әріптестерінің тәжірибесімен танысты, сонымен қатар пандемия кезінде жұмыс істеген Қазақстандағы медициналық еріктілермен және денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен әңгімелесті. Тәжірибелік сабақта олар алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйренді – бұл қан кетуді тоқтату, күйік және жарақаты бар науқастарға күтім жасау, жүрек-өкпе реанимациясы», – деді жоба ұйымдастырушысы, «Қазақстанның медициналық жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Әлижан Тұрсынтай.

Оның айтуынша, болашақта «Волонтерлер мектебінің» курсын аяқтаған жастар ауруханалар мен емханалардағы медицина қызметкерлеріне көмекке тартылатын болады.

Қозғалысқа қосылуға ниет білдіргендердің шамамен 80% елордалық медицина колледжінің, қалғаны қаланың басқа орта арнаулы оқу орындарының студенттері.

Қазір оқып жатыр

Партиялар сайлаушыларға қандай уәде берді

.

Көрерменге кімнің сөзі өтімді болды? Теледебаттағы дауыс беру қорытындысы шықты

.

«Экономикалық романтиктер»: Respublica ЖСДП-ның сынына жауап берді

.

eGov-тағы 15 млн адамның дерегі darknet-ке тарады ма? Министрлік жауап берді

Комп