USD
USD
USD

Медициналық сақтандыру қорына шағым көбейген

2021 жылдың бірінші жартысында Медициналық сақтандыру қорына алматылықтардан 1396 шағым түсті. Бұл туралы Қордың Алматы қалалық филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев мәлім етті.

Медициналық сақтандыру қорына шағым көбейген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, түскен өтініштің басым бөлігі медициналық сақтандыру жарнасын төлеу, МӘМС жүйесіне қатысу, жеңілдігі бар санатқа қосылу мен сақтандыру статусын анықтау мәселесіне қатысты. Консультациялық сипаттағы сауалдардың дені Нұр-Сұлтан (100 мың адамға шаққанда 727,5), Алматы (100 мың адамға 375,1), Шымкент (100 мың адамға 162,1) қалаларына тиесілі.

«Жалпы, 2021 жылдың бірінші жартысында халық тарапынан 6552 шағым түскен. Оның 1 396-сы Алматы тұрғындарының еншісінде. Алматылықтар көбіне диагностикалық қызметті көрсетуден бас тарту (28%), көрсетілмеген қызметті ақпараттық жүйеге «көрсетілді» деп тіркеу (10,5%), медициналық көмекті ұзақ күту (7%), тиісті дәрі-дәрмектерді бермеу (6,6%) сынды фактілерге шағымданған», - деді филиал басшысы.

Соңғы кезде коронавирус инфекциясының күшеюіне байланысты медициналық мекемелерде жоспарлы көмектің қолжетімділігі мен сапасына қатысты шағымдар көбейгенін атап өту қажет. Егер қорға бірінші тоқсанда осы мәселеге қатысты 2599 шағым түскен болса, 2-ші тоқсанда сарапшылар 4056 шағымды қарастырған.

Айта кетейік, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, 1406 бірыңғай байланыс нөмірі немесе fms.kz ресми сайты арқылы тәулік бойы медициналық сақтандыру және пациент құқығы бойынша сауал қабылданады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты