USD
USD
USD

Медициналық масканы әлі де тастамай тағу керек

4 мамырдан бастап көшеге шығып, спортпен шұғылдануға болады. Бұл туралы онлайн баспасөз мәслихатында Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлім етті.

Медициналық масканы әлі де тастамай тағу керек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Біртіндеп тұрғындарға үйден шығуға, серуендеуге әрі спортпен айналысуға рұқсат берудеміз. Алайда топтасып жиналған дұрыс емес. Бүгіннен бастап спортпен шұғылдануға рұқсат етілген», - деді А. Есмағамбетова. Сонымен қатар ол медициналық масканы тағуға қатысты түсінік берді. «Біз масканы ғимараттарда және көшеде тағуға кеңес береміз. Неге далада маска тағу керек? Бұл тұрғыда халықаралық тәжірибені зерттеп, өзіміздегі қадамдарды ескердік.

Бүгінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ағзаның шырышты қабатына қолды тигізбеу үшін масканы көшеде де таққан дұрыс екенін алға тартып отыр. Бұл өз кезегінде індет жұқтыру жолы. Зерттеулерге сүйенсек, адам 3 минут ішінде еріксіз түрде, яғни байқамастан бетін, мұрнын, көзін бес ретке дейін ұстауы мүмкін», - деді Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері. Бұдан бұрын хабарланғандай, 4 мамырдан бастап далада спортпен шұғылданып, жаттығу жасауға рұқсат етілді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Күдікті

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

AirAstana

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?

Зейнетақы