USD
USD
USD

Медициналық ұйымдар МӘМС жүйесіндегі қаражаттың жұмсалуы туралы ақпаратты жариялауға міндеттеледі

Медициналық ұйымдар МӘМС жүйесіндегі қаражаттың жұмсалуы туралы ақпаратты жариялауға міндетті болады

МӘМС
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Түзетулермен жұмыс барысында депутаттар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жарналарды үздіксіз төлеп келген тұлғалардың жарна төлеуді тоқтатқан сәттен бастап алты айға дейін медициналық көмек алу құқығын сақтауды ұсынды.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының және денсаулық сақтау субъектілерінің қаржылық қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін депутаттар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі қаражаттың жұмсалуы туралы ақпаратты ресми интернет-ресурстарда міндетті түрде жариялауға қатысты түзету енгізді.

Сондай-ақ қызметтерді сатып алу шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе дұрыс орындамаған жағдайда денсаулық сақтау субъектілерінен қаражатты қайтару туралы норма қабылдады. 

Қазір оқып жатыр

Негізгі ҰБТ басталғалы төрт аптада төрт жүздей ереже бұзушылық анықталған

ҰБТ

Выручка аз, таза табыс көп. Құлыбаевтың мұнай бизнесі НЕГЕ аномалияға ұшырады?

Каспий нефть

Назарбаев Amanat партиясына мүше емес – Айдос Үкібай

Назарбаев

Германияда Facebook қолданушылары канцлер Мерцті қорлағаны үшін айыппұл арқалады

Мерц