USD
USD
USD

Медицина ұйымдарына 80,3 млрд теңге төленді

Жыл басынан бері мемлекеттік тапсырыс және медициналық сақтандыру шеңберінде алматылықтарға қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 80,3 млрд теңге төленді. Соның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша көрсетіліп жатқан тегін медициналық көмек үшін 57,5 млрд теңге және медициналық сақтандыру үшін 22,8 млрд тенге төленіп отыр.

Медицина ұйымдарына 80,3 млрд теңге төленді
Фото: NEGE.kz

Aлматы. NEGE.  Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы филиалы хабарлады. Еске салайық, медициналық сақтандыру қоры - 2018 жылдан бері мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын кепілдендірілген тегін көмек пакетінің операторы. 2020 жылдан бастап қор міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін қызметтердің ақысын төлей бастады. Жалпы, Алматы қаласында 173 медицина ұйымы Медициналық сақтандыру қорымен келісімшарт бекіткен. Оның басым бөлігі – жеке меншік клиникалар. 2020 жылға бекітілген келісімшарттың жалпы сомасы - 190,6 млрд теңге.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырған адам ұсталды

.

Қазақстандықтар такси шақыра алмай жатыр: «Яндекс Go» жұмысында ақау шықты

такси

Қайрат Нұртастың концертіндегі дүрбелең: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

ұрлық

Спортты көпшілікке қолжетімді ету: Көк-Жайлау қандай мүмкіндік ашады?

Шаңғы