USD
USD
USD

Медицина қызметкерлерінің балаларына ноутбук таратты

 Шымкенттік медицина қызметкерлерінің балаларына ноутбуктар тарту етілді. Қашықтан оқу жүйесіне көшкен дәрігерлердің балаларына сыйлықтарды «ASAA» жастар қоғамдық бірлестігінің еріктілері жеткізіп берді.

Медицина қызметкерлерінің балаларына ноутбук таратты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Қайырымдылық шара коронавирус инфекциясы пандемиясына қарсы күресте аянбай еңбек етіп жүрген медициналық қызметкерлері мен олардың балаларын қолдауға бағытталған. Шараға Әлеуметтік даму қоры мен Назарбаев Университеті демеушілік жасады. Аталған қор Ұлттық волонтерлер желісімен бірлесіп, үйінде компьютері жоқ медициналық қызметкерлердің балаларына көмек көрсету мақсатында 9 отбасыға ноутбук үлестірді.

Аталған отбасылар қалалық денсаулық сақтау басқармасы ұсынған мәліметтер негізінде әлеуметтік жағдайына қарай таңдалған. Олардың арасында медбикелер мен санитар, фельдшерлердің балалары бар. Әлеуметтік даму қоры коронавирус инфекциясымен күресте зор үлесін қосып жүрген медицина қызметкерлеріне алғысын осылай білдіруді жөн деп тапты. Айта кетейік, игі шара аясында жалпы Павлодар, Көкшетау, Қызылорда, Шымкент, Теміртау, Талдықорған, Ақтөбедегі медицина қызметкерлерінің балаларына 100 компьютер сатып алынған.

Қазір оқып жатыр

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Траур

Астана тұрғыны АИ-95 бензинін құйғаннан кейін көлігі тартпай қалғанына шағымданды

Жанар-жағармай бекеті

Қазақстан электронды үкімет рейтингінде 24-орынға көтерілді

Цирфлы Қазақстан

Тоқаев Каспий теңізінде қаза болған әскерилердің туыстарына көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев