USD
USD
USD

Медицина қызметкерлеріне үстеме ақы тамыз айына дейін төленеді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов ҚР Үкіметінде өткен брифингте коронавирус инфекциясымен күресуге тартылған дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне үстеме ақы төлеудің одан әрі жалғасатыны туралы айтып берді. 

Медицина қызметкерлеріне үстеме ақы тамыз айына дейін төленеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне үстеме ақы төлеу үшін Үкіметке 40 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. 

«Төлемдердің жартысы төленді. Қалған бөлігі биыл тамыз айына дейін төленетін болады», — деді вице-премьер.

Сонымен қатар Е. Тоғжанов жұмысқа шығатын ата-аналарға қолайлы болу үшін балабақшаларда кезекші топтар ұйымдастырылатынын айтты. Бірақ санитарлық нормаларды сақтау қажет болады. 

«Мысалы, балабақшгаларда әрбір топта 25-30 баладан бар. Карантин кезеңінде сақтық шараларын ескере отырып, топтардағы балалар санын 15-ке дейін ғана жеткізу керек. Бұл ретте жұмыс істейтін әр ата-ананың балаларын балабақшада қалдыру мүмкіндігі бар екенін атап айтқым келеді», — деді Премьер-Министрдің орынбасары. 

Қазір оқып жатыр

Қостанайда масаң күйдегі бірнеше адам полиция қызметкерін тепкіге жықты

Полиция қызметкері

«Қолымыз байлаулы»: Саясат Нұрбек Qamalladin University жайлы сұраққа жауап берді

.

БҚО-да оқушылар мінген автобус жол апатына түсті

Мектеп автобусы

Прокурор Жақсылық Омарды 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Жақсылық Омар