Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Медицина қызметкерлері вакцинадан неге бас тартуда?

ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова медицина қызметкерлерін коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау жайлы баяндады. 

Медицина қызметкерлері вакцинадан неге бас тартуда?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бүгінгі таңда 13 301 медицина қызметкеріне екпе егілді, 218 медицина қызметкерін вакциналау (медициналық көрсеткіштер бойынша) кейінге қалды. 130 медицина қызметкері немесе 0,9% вакцинациядан бас тартты», - деді Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте тілші сұрағына берген жауабында.

Сонымен бірге спикер вакцинациядан бас тартқан медицина қызметкерлері еш жазаға тартылмайтынын түсіндірді. «Жалпы, вакцинация – ерікті процесс. Ол вакцина алушының ақпараттандырылған келісімі түсіндірілген соң жүргізіледі. Сондықтан вакцинациядан бас тартқан адамдарға ешқандай санкциялар қарастырылмаған», - деп қорытындылады дәрігер.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық