USD
USD
USD

Медеудегі өрттің шығуына адам факторы себеп болуы мүмкін

Медеудегі ірі өрттің шығу себебі тексеріліп жатыр. Бұл туралы баспасөз мәслихаты барысында Алматы қалалық ТЖД басшысының міндетін уақытша атқарушы Самат Асаинов айтты,деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Медеудегі өрттің шығуына адам факторы себеп болуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Айтуынша, оқиға орнында департамент анықтаушылары жұмыс істеген.

Куәгерлердің сөзінше, олар таудан төмен қарай жүгіріп келе жатқан адамдарды көрген, содан кейін шыршалар өртене бастаған.

Күдіктілерді анықтауға арналған барлық материалдар Медеу ауданының полициясына тапсырылды.

Сотқа дейінгі тергеу аясында оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталады.

Зертхананың алдын ала қорытындысы бойынша, өрттің шығу себебі - ашық от ошағы.

«Горельник тауының бұл бөлігі туристерге қатты ұнайды, ол жерге келушілер өте көп. Өрттің шығуына адам факторы себеп болуы мүмкін. Біздің анықтаушылар сол жерге барып, келушілер орталығындағы дәмханада болған респонденттердің айтуынша, еңіс жақтан біреудің жүгіріп келе жатқан, содан кейін шыршалар отқа оранған. Осы деректерді негізге ала отырып, материалдар полицияға жолданды», - деді Самат Асаинов.

Қазір оқып жатыр

NAVAI мінген көліктен есірткі табылды

NAVAI

Астанада құмар ойынның кесірінен екі шенеунік қызметінен айырылды

Портфель ұстаған шенеуніктер

Жасанды интеллект медианарықты өзгертеді, бірақ жауапкершілік журналистің мойнында қалады – Қанат Ысқақов

Қанат Ысқақов

Қазақстандықтардың деректері шетелге кете ме? Депутат тексеруді талап етті

Ляззат Жылқыбаева