USD
USD
USD

«Медеуде» тікұшақ ұшуы адамдарға қауіп төндірді

«Қазавиақұтқару» тікұшағы Алматыдағы «Медеу» спорт кешені маңында қауіпті жағдайда ұшып, демалушыларға қауіп төндірді. Оқиға сәті видеоға түсіп, әлеуметтік желіде тарады.

Медеу
Фото: Видеодан скрин

АЛМАТЫ, NEGE. Кадрлардан тікұшақтың жерден бірден көтеріле алмай, қисайып, ағаштардың бұтақтарына тиіп кеткені байқалады.

«Қазавиақұтқару» АҚ мәліметінше, ұшу алдын ала берілген өтінім бойынша ресми алаңнан жүзеге асқан.

— Әуе бортын тәжірибелі ұшқыш басқарды. Ұшар алдында бортмеханик азаматтарға қауіпсіз қашықтықты сақтау қажеттігін ескерткен. Алдын ала болжам бойынша, ұшу кезінде желдің бағыты мен күші күрт өзгеріп, әуе кемесінің тұрақтылығына әсер етуі мүмкін, — делінген ресми хабарламада.

Компания оқиғаға байланысты ішкі тексеріс жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Тікұшақты жедел тексерген мамандар техникалық ақау анықтамаған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Тоқаев, Ердоған

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Трамп ұлдарымен

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

.

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

депуттар