«Медеу» визит орталығы ашылды
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрақты экотуризмді дамыту шаралары аясында құрылған жаңа туристік нысанмен танысты.
Алматы, NEGE. Жеке инвестор жүзеге асырған жоба – қоғамдық тамақтандыру пункті, туристік құрал-жабдықтар дүкені бар туристік ақпараттық орталық.
Визит-орталықта «Іле-Алатау» ұлттық паркі туралы барлық қажетті ақпаратты алуға болады, ол үшін Visit Almaty инфостойкасы орнатылған, консультанттар жұмыс істейді. Мұнда туристік бағыттар, соқпақтар туралы деректер, ұлттық парк аумағындағы объектілердің байланыстары және қауіпсіз және жайлы туризм үшін қажетті жабдықтар ұсынылады.
«Біз Тәуелсіздік күні сияқты тамаша мерекеде визит-орталықты ашуға қуаныштымыз. Бөгетке барар жолда біз демалушылар үшін 15 орындық орнаттық. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер аймағын абаттандыратын боламыз», - деді «Тау Жол Шымбұлақ» ЖШС басшысы Сергей Спицын.
Медеу» БСК визит-орталығы жалпы алаңы 208 шаршы метр аумақта орналасқан, инвестиция көлемі – 100 млн теңге, 50 жұмыс орны құрылады.
Тауларда қауіпсіз және жайлы болуды қамтамасыз ету мақсатында Тұйық-су шатқалында тікұшақ алаңының құрылысы жүргізілуде. Бұдан басқа, спутник байланысы және SOS дабыл түймелері бар таулы маршруттардың шалғай тораптық учаскелерінде 15 құтқару үйшігі орнатылды.
Қазір оқып жатыр
Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді
Сот «Шымбұлақ» шатқалына көліктің кіруін шектеу Конституцияға қайшы екенін анықтады
«Қазақмыс» жұмысшыларының талабын арнайы комиссия қарайтын болды
Тоқаев пара беруге уәде еткендерді де қылмыстық жауапқа тартуды көздейтін заңға қол қойды