USD
USD
USD

«Медеу» табиғи паркіне 3 миллиард теңгенің жері қайтарылды

Медеу ауданының прокуратурасы «Медеу» табиғи паркінде заңсыз берілген жер телімдерін анықтады.

Медеу
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды алып жатқан жер, жеке меншiкте бола алмайды.

Алайда 2020 жылы табиғи парк аумағында жеке тұлғалар ауданы 35 га 10 жер учаскесіне меншік құқығын тіркеген.

Бұған, Горнооктябрь ауыл әкiмшiлiгiнiң 1994-1997 жылдардағы жер учаскелерiн бөлу туралы шешiмдерiнiң бар екендігі жөнінде мұрағаттық анықтамалар негiз болды.

Мұрағаттық анықтама құқық белгілейтін құжат болып саналмайтынына қарамастан, тіркеуші орган меншік құқығын заңсыз тіркеген.

Алматы қаласының прокуратурасы аталған анықтамаларды және жер телімдерін иеліктен шығару жөніндегі кейінгі мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы сотқа жүгінді.

Сот шешімімен прокурордың талап-арыздары қанағаттандырылып, «Медеу» табиғи паркіне кадастрлық құны 3 млрд. теңге сомасындағы жер қайтарылды.

Сот кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы шешім шығарды.

Қазір оқып жатыр

Сәби саудасы: Қызылордада қоғамдық қордың жетекшісі ұсталды

сәби

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Мұнай

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

.

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

Дамир Ташкараев