Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«Медеу» мұз айдынында сырғанау маусымы ашылады

Алматыда 2 қарашада «Медеу» биік таулы мұз айдынында жаппай сырғанау маусымы ашылады. Салтанатты ашылу бағдарламасы сағат 12:00-ден 15:30-ға дейін өтеді.

Медеу
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Қонақтар қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысқан концертті көреді. Ал 17:00-ден 20:00-ге дейін диджейдің музыкалық сүйемелдеуімен байқаулар мен жүлделер ойнатылатын кешкі сеанс өтеді. 1 қарашада мұз айдыны техникалық режимде ашық болады.

Жаңа маусымда мерекелік іс-шаралар мен спорттық жарыстар ұйымдастырылады. Келушілерге ыңғайлы болу үшін конькиді жалға беру мен жылдам тамақтану орындары ұйымдастырылады.

Спорттық нысандар дирекциясы кезектің алдын алу үшін билеттерді алдын ала www.medeu.kz ресми сайты арқылы сатып алуға кеңес береді.

Ашылу күні №12 автобус бағыты күшейтілген режимде жұмыс істейді. Автобус кестесі: жұмыс күндері – сағат 8:00-ден 00:00-ге дейін, демалыс күндері – сағат 8:00-ден 01:00-ге дейін.

Көлік жүретін орындарды 2GIS қосымшасынан көруге болады.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық