USD
USD
USD

Медбикеге қол жүгірткен депутат 15 мың теңге айыппұлмен құтылып кетті

Жас қызды қорлаған айыпталушы 5 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұлмен құтылған.

Медбикеге қол жүгірткен депутат 15 мың теңге айыппұлмен құтылып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Павлодар облысында медбикеге тиісіп, денесіне қол жүгірткен депутатқа сот шешімі шықты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. Деректерге сүйенсек, депутат аталмыш өңірде білікті дәрігердің бірі көрінеді. Оқиға Төлеген Қадырдың әріптесіне система салып беруін өтінуінен басталған. Жас медбике өз жұмысына кіріскенде ер адам оның бөксесінен, белінен ұстап тиіскен. Шошып қалған бойжеткен палатадан қашып шығып, кейін диктофонын қоса қайта кіреді. Осылайша неліктен мұндай әрекетке барғанын сұраған.

Бойжеткеннің соттағы басты дәлелі қайта кіріп, ер адамның сөздерін жазып алған аудиожазбасы болды. Бірақ сот депутатқа қызды қорлағаны үшін тек 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салып отыр. Бұл шамамен 15 мың теңгені құрайды.

Жергілікті мәслихат депутаты бұл ісіне өкініп,кейіннен бойжеткеннен кешірім де сұраған. Алайда бойжеткен сот шешіміне шағымданып, аппеляцияға беріпті. Ал сот алқасы шағымды қанағаттандырмай, шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев